Файтер Аслан Ораз келесі жекпе-жекті Мәскеуде өткізеді

Қазақстандық файтер Аслан Ораз келесі кездесуін Мәскеуде өткізеді. Кәсіпқой жекпе-жек кеші 16 шілдеге жоспарланған.

Оның қарсыласы жергілікті Глеб Габидуллин есімді жергілікті спортшы. Ол бүгінге дейін 6 жекпе-жек өткізіп, 5-еуінде жеңіске жеткен. Ал Асланда 3 кездесу, 3 жеңіс. Енді қос мықты МС Файт Найтс аясында айқасқа шығады. Орта салмақтағы жерлесіміз Алматыда жаттығу жиынын өткізіп келді. Енді қазір елордада соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Айта кету керек, Аслан үшін биылдыққа алғашқы кездесу. Соңғы жекпе-жегі өткен жылы желтоқсанда болды.