Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына WBO тұжырымы бойында нөмірі бірінші боксшы Деметриус Андрадеге арнап жазба қалдырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Андраде, қазір солақайлармен жаттығып жүрсің. 100% дайын бол. Мен сені бірінші раунда құлатқым келмейді», - дейді қазақстандық боксшы. Тіпті ол қарсыласын 7-8 раундта нокаутқа жіберетініне де сенімді. Ал, америкалық былғары қолғап шебері әзірге жауап қатпады.

Айта кетейік, Жәнібек жуырда ғана бұрынғы әлем чемпионы Роб Брантты жеңген болатын. Осылайша, орта салмақтағы жерлесіміз бүгінге дейін 10 жекпе-жек өткізіп, барлығында да басым болды. Тіпті алтауын уақытынан бұрын аяқтады.