«Уимблдон»: Бублик әлемнің 21-ракеткасын ұтып, үшінші айналымға шықты

«Уимблдон» турнирінің кезекті күні де қазақстандық теннисшілер үшін сәтті өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ерлер арасындағы сында жерлесіміз Александр Бублик әлемдік рейтингтің 21-ші сатысында тұрған болгариялық Григор Димитровпен жолыққан болатын. Матч аса тартысты өтті және 2 сағат 28 минутқа созылды. Нәтижесінде 6:4, 7:6, 7:6 есебімен Бублик жеңіске жетті. Оның кезекті қарсыласы әзірге белгісіз.

Айта кетейік, дәл осындай жетістікке қыздар арасында қазақстандық Елена Рыбакина да қол жеткізген еді. Ол екінші айналымда америкалық спортшыны басым түсті. Ұлыбританиядағы теннис турнирінің жалпы қорытындысы 11 шілдеде белгілі болады.