«Тур де Франстың» алтыншы кезеңінде Алексей Луценко мәреге 50-ші болып жетті

Алексей Луценко жалпы есептегі орнын сақтап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Францияның таулы-қыратты аумақтарында веложарыс жалғасып жатыр. 6 кезең аясында спортшылар Тур және Шатору қалаларының арасындағы 160 шақырымды бағындырды. Нәтижесінде британиялық Марк Кэвендиш топ жарды. Бұл жолы қазақстандық клуб өкілдері үздіктер қатарынан табылмады. Ең тәуір көрсеткіш Алексей Луценкода. Ол мәреге 50-ші болып жетті. Бірақ сонда да жалпы есептегі 5-орнын сақтап қалды. Ал, «Астана» сапындағы Якоб Фульсанг тізімде 61-ші тұр. Соның арасында жалпы есепте 16-сатыға көтерілді.

Айта кетейік, биылғы веложарыс 21 кезеңнен тұрады. Осы аралықта қатысушылар 3400 шақырымды жүріп өтуі керек.