Ұлттық құрамада Олимпиададағы медаль жоспарына қатысты нақты болжам жоқ

Токио Олимпиадасының басталуына тура 20 күн қалды. Ал ұлттық құрамада медаль жоспарына қатысты нақты болжам жоқ.

Бүгін салаға жауапты мамандар жазғы ойындарға дайындықты баяндады. Бірақ жүлде жайындағы сауалдарға тұшымды жауап болмады. Белгілісі биылғы байрақты бәсекеге 95 спортшымыз аттанады. Ұлттық құрама 27 спорт түрінен 96 лицензия жеңіп алды. Қазір олар соңғы дайындықты пысықтап жатыр.