Токио-2020: Спортшылар олимпиадаға келе бастады

Жазғы Олимпиада ойындарының басталуы қарсаңында шетелдік спортшылар Токиоға келе бастады.

Жуырда Нарита әуежайына Австралия, Аргентина, Гана және Ирландия елінің құрама командалары ұшып келді.

Жалпы Жапония үкіметінің мәліметінше, жексенбіге дейін 18 елден 400-ден аса адам келуі тиіс. Қонғаннан кейін олар коронавирусқа тест тапсырып бүкіл ел аумағында орналасқан жаттығу лагерьлеріне аттанады. Олимпиада ойындары 23 шілдеде басталады.