Қарағандылық жұмысшы спорттық жаттығудан Қазақстан рекордын жаңартты

Қарағанды облысындағы кәсіпорындардың бірінде қарапайым шебер болып жұмыс істейтін азамат спорттық жаттығулардың бірінен Қазақстан рекордын орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Шынтақ және аяқ бақайларының ұшымен ғана бүкіл денені көтеріп тұратын бұл жаттығу қарапайым көрінгенімен көбі тіпті 5 минут тұра алмайтын көрінеді. Қаражал қаласының тұрғыны бұл мақсатқа жету үшін екі жыл тыным таппай дайындалған. Алда әлемдік рекорд орнатпақ ниетте екен. Қазір әлемдік рекорд американдық 63 жастағы Джордж Худке тиесілі. Ол осы күйде 8 сағат 15 минут тұрған екен.

Александр Бортник, рекорд иесі:

- Бұл жаттығудың ерекшелігі сол онда дене бұлшық еттерінің 80% салмақ түседі. Әсіресе кеуде мен арқа және іштің бұлшық еті шынығады. Жаттығуды тастап кетуге болмайды. Сондықтан мен қашанда уақыт тауып айналысып тұрамын. Күніне кемі 1-1,5 сағат уақытты осы жаттығуға арнаймын.