425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде триатлон саябағы ашылды

  • 136
  • UPD: 10:55, 04.07.2021
Ақтөбеде триатлон саябағы ашылды

Ашық аспан астындағы жаттығу алаңында жеңіл атлетика және велоспортпен шұғылдануға жағдай жасалған.

Жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жеке компания қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Ұзындығы екі жарым шақырымға жуық жол жүгіруге және қос дөңгелекті көлік тебуге ыңғайлы. Арнайы төселінген резеңке халықаралық спорт қауымдастығының стандарттарына сай. Яғни жүгірген спортшының аяқтары мен белін түрлі жарақаттан сақтайды. Триатлон саябағына жасыл желек отырғызу да қолға алынған. Мәселен, былтыр 350 ағаш егілді. Жалпы аспан астындағы жаттығу алаңы бұқаралық спортты кеңінен дамытуға мүмкіндік береді. Себебі кез келген уақытта қолжетімді. Салтанатты ашылу шарасынан соң жүзге жақын спортшы алғашқы жаттығуын да өткізіп үлгірді.

Сәтжан Тоғайбайұлы, дзюдодан облыс құрамасының аға жаттықтырушысы:

- Спортшыларға өте жақсы. Былай қарағанда тек велосипед пен жүгіру емес, қалған спортқа да жақсы. Жетісіне екі рет келіп осында балаларды әкеліп жүгіртеміз. Мына жұмсақ покрытие болғаны өте жақсы. Балалардың беліне күш түспейді, бүйрегіне күш түспейді.

Хабар 24 телеарнасы