«Қазақстан Барысы» басталды

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтіп жатыр.

Осымен оныншы мәрте ұйымдастырылған бәсеке ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығымен тұспа тұс келді.

Биылғы сайысқа әр өңірден үздік шыққан 37 балуан келді. Жеңімпаз атанған балуанға 25 млн теңге және алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы «тайтұяқ» табысталады.

Екінші орынға 5 млн 500 мың теңге және үшінші орынға 1 млн 800 мың теңге, сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталады.

Турнир көрерменсіз өтіп жатыр.