424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қазақстан Барысы»: Айбек Нұғымаров жеңіліп қалды

  • 538
  • UPD: 22:01, 04.07.2021
«Қазақстан Барысы»: Айбек Нұғымаров жеңіліп қалды

«Қазақстан Барысының» екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров биылғы турнирді 1\4 финалдан аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ширек финалдың екінші белдесуінде екі дүркін Қазақстан Барысы Айбек Нұғымаров пен 2017 жылғы Қазақстан Барысы Еламан Ерғалиев шыққан болатын. Қызылордалық Еламан Ерғалиев қарсыласын «жартылай жеңіс» ұпайымен ұтып кетті.

Еске салсақ, тағы бір Қазақстан Барысы Мұхит Тұрсынов турнирден бірінші айналымда шығып қалды. Турнирдің алғашқы айналымында ол биылғы «Әскер барысы», екі дүркін финалист Ерасыл Қажыбаевпен кездесті. 4 минутқа созылған белдесуде Мұхит қарсыласына бүк ұпаймен жол берді.

Айта кетейік, биыл турнирдің бірінші орын иегеріне 25 млн теңге, бапкеріне 3 млн 500 мың теңге. Екінші орын иегеріне 5 млн 500 мың теңге, бапкеріне 1 млн 800 мың теңге. Үшінші орын иегеріне 1 млн 800 мың теңге беріледі.

Хабар 24 телеарнасы