Олимпиада жарыстарының 40%-і жанкүйерсіз өтуі мүмкін

Токиода өтетін олимпиада жарыстарының шамамен 40 проценті көрерменсіз өтуі мүмкін. Бұл туралы Киодо агенттігі хабарлады.

Бұл мәселені Олимпиада ұйымдастырушылары мен жапон билігі шешуі тиіс. Қазір стадиондарға кіретін азаматтар қатарын екі есеге қысқарту ұсынылып отырған көрінеді. Яғни жанкүйер санын 10 мыңнан 5 мыңға азайту көзделіп отыр.

Токио Олимпиадасы шілденің 23-і мен тамыздың 8-і аралығында өтеді. Шетелдік жанкүйерлер ойындарды тек телеарнадан тамашалай алады. Биыл жергілікті жанкүйерлер ғана ареналарға жіберіледі.