Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингінде үздік үштікке енді

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) әр салмақтың рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Орта салмақта қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы алтыдан үшінші орынға көтерілді. Бұл салмақта мексикалық Хайме Мунгия көш бастап тұр, украиналық Сергей Деревянченко екінші орында.

Еске салайық, 27 маусымда Жәнібек орта салмақта WBA экс-чемпионы Роб Брантты техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Рейтингіде қазақстандық тағы бір боксшы бар – Мейірім Нұрсұлтанов 14-сатыда тұр.

Сондай-ақ...