424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда құтқарушылар саябағы ашылды

  • 153
  • UPD: 15:21, 05.07.2021
Нұр-Сұлтанда құтқарушылар саябағы ашылды фото: astana.gov.kz

Елордада «Құтқарушылар саябағы» ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол қызметте жүріп қайтыс болған өрт сөндірушілер мен құтқарушылар рухын қастерлеуге арналды. Саябақта 150 түп ағаш егіліп, балалар мен ересектердің демалуына барлық жағдай жасалған. Тіпті жастардың экстремалды спортпен айналысуына арналған паркур алаңы бар. Ал 1964 жылғы өрт сөндіру көлігі тақырыптық саябақтың көркін аша түсті. Іс-шара Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Елорда күніне арналған.

Хабар 24 телеарнасы