Елбасы кубогінде топ жарған сәйгүліктің аты белгілі болды

Елордада жалпы ұзақтығы 25 шақырымға ұласқан Аламан бәйге аяқталды. Елбасы кубогіне арналған жарыста Алматы облысы Қарасай ауданының Мамай қара атты сәйгүлігі топ жарды.

Шабдандоздың есімі Байқан Асанқұлов. Ол тұлпарымен 13 айналым бойы топ арасында жүріп, тек соңғы айналымда қара үзіп алға шықты. Ат иесіне 4 млн теңге табысталды. Екінші орын Әулиета өңірінен келген Сармат атты тұлпарға бұйырды. Оған да қаржылай сыйақы берілді. Үшінші және төртінші болып, мәреге Батыс Қазақстан мен Алматы облысының тұлпарлары келді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 25 млн теңгені құрады.

Айта кетейік, Аламан жарысқа елдің барлық өңірінен 40 сәйгүлік қатысқан болатын.

Сондай-ақ...