424,53 504.60 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық гимнасттар Мәскеудегі әлем кубогі кезеңінде сынға түседі

  • 126
  • UPD: 22:49, 05.07.2021
Қазақстандық гимнасттар Мәскеудегі әлем кубогі кезеңінде сынға түседі

Көркем гимнастикадан Мәскеуде өтетін әлем кубогі кезеңінде бақ сынайтын қазақстандық спортшылар анықталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған сынға Сабина Бакатова мен Эльжана Таниева қатысады. 

Турнир 9-11 шілде аралығында Мәскеуде өтеді. Бәсекеге 17 мемлекеттің спортшылары келеді деп күтілуде. 

Турнир көрермендердің қатысуынсыз өтеді. Кубоктік кезең 2020 жылдың 12 шілдесінде өтуі тиіс болатын. Коронавирусқа байланысты бәсеке биылға ауыстырылды.

Хабар 24 телеарнасы