Олимпиадаға арналған форма жаттығу кезінде өте ыңғайлы – Мөлдір Жаңбырбай

Каратэден Қазақстан командасының мүшесі, Токио Олимпиадасы жолдамасының иегері Мөлдір Жаңбырбай ұлттық құраманың олимпиадаға арналған формасына баға берді, деп хабарлайды «Хабар 24» Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Спорттық форма маған ерекше ұнады. Сапасының жоғары екені көрініп тұр. Түсі де өте әдемі таңдалған. Ең бастысы – жаттығу кезінде өте ыңғайлы. Кедергі келтірмейді. Біздің алаңсыз дайындалуымызға мүмкіндік беріп, парадтық және жаттығуға арналған формамызды дайындап берген Ұлттық Олимпиадалық комитетке рахметімізді айтамыз. Біз өз кезегімізде Олимпиада ойындарында жақсы өнер көрсету үшін барымызды саламыз», – дейді Мөлдір.

Мөлдір Жаңбырбай Парижде өткен лицензиялық турнирде күміс жүлде иеленіп, Токио ойындарына жолдама жеңіп алған болатын. Ол 50 келіге дейінгі салмақта сынға түседі.