Италия финалға шықты. Футболдан Еуропа чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні жартылай финалдық алғашқы матч өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Италия мен Испания құрамалары Лондонда жолыққан болатын. Есеп 61-минутта ашылды. Италия сапынан Федерико Кьеза мергендігімен көзге түсті. Ал Испания 80-минутта Альваро Моратаның арқасында есепті теңестірді. Қосымша уақытта нәтиже өзгермеді. Ал матч соңындағы пенальти сериясында италиялықтардың жолы болды. Осылайша Роберто Манчини баптайтын жігіттер чемпионаттың бас жүлдесін сарапқа салады. Ал оның қарсыласы бүгін түнде анықталады. Жартылай финал аясында Англия мен Дания құрамалары кездеседі. Матч елорда уақытымен 01:00-де басталады. Ал чемппионаттың жалпы қорытындысы 11 шілдеде белгілі болады.