Садриддин Ахмедовтің келесі айқасы өтпейді

Қазақстандық Садриддин Ахмедовтің (12-0, 10 КО) келесі жекпе-жегі өтпейтін болды.

Бұл туралы «Спорт Шредингера» телеграм арнасына сілтеме жасап vesti.kz хабарлап отыр.

«Садриддин Ахмедов пен канадалық Мпонда Калунга арасындағы жекпе-жек өтпейді. Бұл кездесу 16 шілдеде Шавиниганда өтеді деп жоспарланған болатын. Қазақстандық боксшы арқасын ауыр жарақаттап алған, енді қалыпқа келу үшін кемі алты апта қажет», – делінген хабарламада.

23 жастағы Садриддин мен 32 жастағы канадалық Мпонда Калунга (8-2, 3 КО) арасындағы айқас Шавиниган (Канада) қаласындағы бокс кешіне белгіленген еді.