Тур де Франс: Луценко жалпы есептегі орынын сақтап қалды

Луценко жалпы есептегі орынын сақтап қалды. Францияда бір күндік демалыстан кейін шабандоздар қайта жолға шықты.

Тур де Франс бәсекесінің кезекті, яғни оныншы кезеңі 190 шақырымға созылды. Бұл сында британдық Марк Кавендиш топ жарды. Одан кейін мәреге қос бельгиялық спортшы жетті. Ал «Астана» сапынан ең тәуір көрсеткішке Алексей Луценко қол жеткізді. Ол 39-сатыға тұрақтап, жалпы есептегі 8-орынын сақтап қалды. Қазақстандық клуб сапындағы басқа спортшылар кезең қорытындысы бойынша алдыңғы жүздікке іліге алмады. Ал жалпы есепте Йон Исагирре 25, Якоб Фульсанг 26, ал Уго Уль 54-орында тұр. Айта кетейік, биылғы веложарыс 21 кезеңнен тұрады. Осы аралықта қатысушылар 3400 шақырымды жүріп өтуі керек.