423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италиядағы турнирдің екінші айналымына шықты

  • 130
  • UPD: 16:20, 07.07.2021
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италиядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Қазақстандық Тимофей Скатов Перуджа (Италия) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлады Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік рейтингте 325-орында тұрған Тимофей Скатов әуелі аталмыш жарыстың іріктеу сайыстарын сәтті өткізіп, сосын негізгі додаға қосылды. Ол алғашқы айналымда әлемнің 228-ракеткасы, италиялық Лоренцо Густиномен кездесті. Тартысты матчта қазақстандық теннисші 1:6, 7:6 (7:5), 6:0 есебімен жеңіске жетті. Бәсеке 2 сағат 33 минутқа созылды. Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 193-ракеткасы, аргентиналық Ренцо Оливомен таласады.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 187-ракеткасы Дмитрий Попко рейтингте 369-сатыдағы италиялық Флавио Коболлидан 6:2, 5:7, 6:7 (3:7) есебімен ұтылып қалды.

Хабар 24 телеарнасы