Англия тұңғыш рет Еуропа чемпионатының финалына шықты

Футболдан Еуропа чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыстың кезекті күні жартылай финалдық екінші кездесу өтті. Англия мен Дания құрамалары Лондон қаласында жолыққан болатын. Есеп 30-минутта ашылды. Дания сапынан Миккель Дамсгор мергендігімен көзге түсті. Артынша командаласы Симона Кьераның автоголы есепті теңестірді. Жеңімпазды қосымша уақытта анықтауға тура келді. Бұл сында Харри Кейн гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.

Осылайша Англия өз тарихында алғаш рет Еуропа чемпионатының финалына шығып отыр. Енді соңғы сында олар Италия құрамасымен жолығады.

Шешуші матч 11 шілдеде Лондондағы дәл осы «Уэмбли» стадионында өтеді.

Харри Кейн, Англия құрамасының капитаны:

– Финалдық матч біздің алаңда өтетіні қуантады. Италия – өте мықты қарсылас. Алдағы ойын оңай болмайын деп тұр. Бірақ дегенімізге жетеміз деп ойлаймын. Өйткені биылғы бәсеке біз үшін өте сәтті өтіп жатыр. Соңғы матчта жақсы өнер көрсетіп, үйімізге қуанышпен оралғымыз келеді.