Серхио Рамос ПСЖ ойыншысы атанды

Испания құрамасының экс-қорғаушысы Серхио Рамос ПСЖ клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жуырда «Реалдан» кеткен футболшы париждіктер сапында 2023 жылға дейін ойнайды.

2005 жылдан бері «Реал» намысын қорғаған ойыншы «корольдік» клубпен Ла Лиганы 5 рет, 2 мәрте Испания кубогын және 4 рет Суперкубокты ұтып алған. Сонымен қатар Чемпиондар лигасының 4 дүркін жеңімпазы.

Рамос «бланкос» сапында 469 матчта 72 гол соқса, Испания құрамасының 180 кездесуінде 23 голдың авторы атанған.