Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы Ақтауда жаттығу жиындарын өткізіп жатыр

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының мүшелері ресейлік спортшылармен Ақтауда бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Спортшылар жалпы физикалық дайындықты жақсартуды қолға алған. Сондай-ақ жаттығу жиынының бағдарламасы бойынша техникалық, теориялық және психологиялық тұрғыда шеберліктерін шыңдауда. 

Ресейлік Урал тау-кен компаниясының клубы мен отандық бапкерлердің айтуынша, осындай бірлескен оқу-жаттығу жиындары спортшыларға барлық жағынан пайдасы тиеді. Атап айтқанда, тәжірибе алмасып, техника-тактикалық дайындықтарына жаңашылдық әкеледі.