Алматыда кәсіби бокс кеші өтеді

Алматыда 10 шілде күні халықаралық кәсіби бокс кеші өтеді. Осыған орай спортшылардың ашық жаттығуы және баспасөз конференциясы ұйымдастырылды.

Алдағы сенбі күні «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайындағы кеште жалпы 12 жұп жұдырықтасады. Халықаралық сайыстың басты жекпе-жегінде бүгінге дейін жеңіліп көрмеген отандасымыз Сұлтан Зауырбек пен ұлыбританиялық Ронни Кларк кездеседі. Тұрсынбай Құлахмет, Иван Дычко, Дәурен Елеусінов сынды елімізге танымал боксшылар да жекпе-жек өткізеді. Алматы қаласы «қызыл аймақта» болғандықтан кәсіби бокс кеші көрерменсіз өтеді. Трансляция стримингтік каналдардан көрсетіледі.

Жалғас Түкешов, турнир матчмейкері:

- Басты жекпе-жекте Сұлтан Зауырбек және ұлыбританиялық боксшы бокстасатын болады. Бұл титулды жекпе-жек WBO Еуропа чемпионы анықталады. Басты кездесудің бірі ретінде Құлахмет Тұрсынбаев және ресейлік Евгений Левченко. Екі жекпе-жек те 10 раундқа жоспарлануда.