МакГрегор мен Порье үшінші жекпе-жек үшін қанша алатыны айтылды

Ирландиялық Конор МакГрегор мен американдық Дастин Порье UFC 264 турниріндегі жекпе-жек үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды.

Sporting Free ақпаратынша, МакГрегордың кепілді сыйақысы – 3 миллион доллар, ал Порье 1 миллион алады.

Сонымен қоса Конор ақылы трансляция сатылымының 60 процентін алады, ал Порье – 40 процентін. Осылайша жалпылай алғанда МакГрегор 10 миллион доллар, ал Порье шамамен 3 миллиондай пайда көреді.

МакГрегор мен Порье арасындағы үшінші жекпе-жек 11 шілдеге қараған түні өтеді. 2014 жылы өткен бірінші кездесуде ирандиялық спортшы бірінші раундта нокаутпен жеңген. 2021 жылы өткен қарымтада Дастин Конорды екінші раундта нокаутқа түсірді.