Жұмағұлов UFC-дегі үшінші жекпе-жегі алдында салмақ шегінен сәтті өтті

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (13-5) UFC-дегі үшінші жекпе-жегі алдында салмақ шегінен сәтті өтті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы файтердің командасы Arlan MMA Pro Team «Инстаграм» желісіндегі парақшасында хабарлады.

Айта кетейік, отандасымыз 10 шілдеден 11 шілдеге қараған түні Лас-Вегаста өтетін UFC 264 турнирі аясында октагонға шығады. Оның қарсыласы америкалық файтер – Джером Ривера (10-5).

Жерлесіміз үшін алдағы жекпе-жек UFC-дегі үшінші кездесуі болмақ. Алдыңғы екі кездесуде Жалғас төрешілер шешімімен ұтылып қалды.