Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жеңісіне қатысты пікір білдірді

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жеңісіне қатысты пікір білдірді

UFC-де жүрген қазақ спортшысы Жалғас Жұмағұлов өзінің алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лас-Вегаста сынға түскен ақтөбелік өрен Американың айтулы файтері Джером Ривераны бірінші раундта тұншықтырып тастады. Әлемнің үздік лигасында өнер көрсетудің өзі бір мерей. Егер қарсыласынан басым түсіп жатса, жетістік екені түсінікті. Бұған дейін екі рет ұтылып қалған Жалғас үшін дәл осы жекпе-жектің маңызы ерекше болғаны анық. Ривераға бірден тап беруі де сондықтан. Барлауды қоя тұрып барын салған Жалғас жеңіске жеткен бетте отандастарына сөз арнады.

Жалғас Жұмағұлов, UFC файтері:

- Бірінші кездесуім сәтсіз болды. Екіншісі де. Жеңіске жеткім келді. Және сол үшін тер төктім. Қазір бақыттымын. Елім өнерімді көрді деп ойлаймын. Олар да көз ілмей тосқан болар.