424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгін Еуропа чемпионатының финалы өтеді

  • 110
  • UPD: 10:34, 11.07.2021
Бүгін Еуропа чемпионатының финалы өтеді

Лондондағы «Уэмбли» стадионында Италия мен Англия кездеседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кімнің мықты екенін дәл қазір тап басып айту қиын. Гарет Саутгейт шәкірттері Англия тарихында тұңғыш рет шешуші матчта өнер көрсетейін деп отыр. Италия үш бірдей финалда ойнаса да, құрлық кубогын бір-ақ рет ұстанды. Қарсыластар бұған дейін 13 рет кездескен екен. «Скуадра адзурра» жеті рет жеңіске жетіп, үш матчта тең түсті. Финалдың «Уэмблиде» өтетінін ескерсек, стадионға келушілердің басым көпшілігі кімді қолдайтынын түсіну қиынға соқпас. Ағылшындар сапында жарақат алған ойыншы жоқ. Саутгейт ең алдымен  Стерлинг пен Харри Кэйнге сенім артатыны сөзсіз. Осы екі футболшының ойын өрнегі көп мәселені шешеді. Роберто Манчини командасында тасқамал қорғаушылар Леонардо Бонуччи мен Джорджо Кьеллини бар. Бельгия қарсы кездесуде негізгі қорғаушылардың бірі Спинаццола жарақат алып қалды. Испаниямен кезде оның орнын Эмерсон Паль-мери басты. Және жақсы ойнап шықты. Лондондағы матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түнгі сағат 01:00-де басталады.

Хабар 24 телеарнасы