Конор МакГрегор техникалық нокаутпен жеңілді

Конор МакГрегор америкалық Дастин Порьемен өткізген айқасында жарақат алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

UFC 264 турнирінің басты кардында ирландиялық спортшы бірінші раундта аяғын қайырып алған.

Конор жекпе-жек барысында артқа қарай шегіне бергенде аяғын қайырып алған. Нәтижесінде ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланған Порье бірнеше соққы жасап үлгерген.

Дәрігерлер ирландиялық ММА шеберінің жекпе-жекті жалғастыра алмайтынын мәлімдеген соң Порье техникалық нокаутпен жеңіске жетті.