Е.Қанағатов: Токиодағы Олимпиада қалашығында спортшыларға барлық жағдай жасалған

Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық 95 спортшы және олардың бапкерлері, сондай-ақ өзге де делегация мүшелері акредитациядан өту үшін тіркелді.

Бұл туралы арнамызға Қазақстан делегациясының шеф-де-миссионы Елсияр Қанағатов хабарлады. Оның сөзінше, Токиодағы Олимпиада қалашығында барлық сақтық шаралары сақталған. Қазақстандық спортшыларға бір және екі адамдық бөлмелер берілді. Олар қажетті қондырғылар мен техникамен жабдықталған. Бұдан бөлек, медициналық көмек көрсетілетін бөлме де қарастырылған. Шеф-де-миссионның айтуынша, ас мәзірі де көңілден шығады.

Еске салайық, байрақты бәсекеде қазақстандық спортшылар 27 спорт түрі бойынша сынға түседі

Елсияр Қанағатов, Қазақстан делегациясының шеф-де-миссионы:

- Пандемия мәселесі бойынша айтарымыз, жапон халқы білесіздер ғой, өте тәртіпті. Соған қарағанда, бәріміз маскамен жүреміз. Бірақ сондай алып бара жатқан тура жүр, былай жүр ештеңесі жоқ. Тек қана маска киіп, сақтанып жүру керек. Қолыңды шайып жүру керек. Қалашықтан біз қалаға шыға алмаймыз. Шықсақ, бізді қатаң жазалайды.