Анна Данилина Франциядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина норвегиялық Ульрикке Эйкеримен бірге Францияның Контрексевиль қаласында өтіп жатқан Grand Est Open 88 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық-норвегиялық жұп ширек финалда неміс Анна Класен мен француз Марин Партоны (6:0, 6:0), жартылай финалда француз Армандин Эсс пен чилилік Даниэла Сегуельді (6:1, 6:3) жеңді.

Данилина мен Айкери финалда венгриялық Дальма Галфи мен бельгиялық Кимберли Циммерманмен кездеседі. Финалдық кездесу 11 шілдеде өтеді.

Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры 100 мың доллар.

Сондай-ақ...