Тәуекел кубогі: гимнаст қыздарымыз Мәскеудегі финалда өнер көрсетеді

Көркем гимнастикадан қазақстандық атлеттер Мәскеуде тәуекел кубогінің кезеңіне қатысты деп хабарлайды Olympic.kz.

Мәскеуде көркем гимнастикадан тәуекел кубогі аясында көпсайыс бойынша бәсекелер өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы Сабина Бакатова төртінші, Эльжана Таниева жетінші болды. 

Сабина Бакатова шығыршық бойынша 20,85, доппен жаттығуда 24,3, ұршықта 24,65 және таспапен жаттығу бойынша 20,55 ұпайға ие болды. 

Екінші көркем гимнаст Эльжана Таниева шығыршық бойынша 22,9, доппен жаттығуда 21,6, ал тұршықта 23,4, таспада жаттығу бойынша 19,5 ұпай еншіледі. 

Бүгін жарыстың кезекті күнінде жекелей санат бойынша финалдық кезең өтеді.