Англия ойыншылары ЕУРО-ны жеңсе сыйақысын қайырымдылыққа береді

Англия құрамасының ойыншылары Еуропа чемпионатын жеңіп алған жағдайда берілетін сыйақыны түгелдей қайырымдылық ұйымдарға беруге уәде етті.

Ағылшындар финалда жеңіске жетсе, 11 миллион еуро көлемінде сыйақы алады. 

Айта кетейік, Еуропа чемпионатының финалы бүгін Уэмбли стадионында өтеді. Матч 01:00-де басталады.

prosports.kz