EURO-2020: Италия чемпион атанды

Италия құрамасы пенальти сериясында Англия құрамасын жеңіп, футболдан Еуропа чемпионы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Роберто Манчини шәкірттері Лондон төріндегі «Уэмблиде» Англия құрамасын ұтты. Матч соңынан кейінгі пенальтиден.  Ағылшындардың аптығын басқан қақпашы Дона-румма тек осы кездесудің ғана емес, құрлық чемпионатының ең үздік ойыншысы атанды. Негізгі уақытта қарсыластар бірін бірі ала алмады. Рас, кездесудің екінші минутында Люк Шоу есеп ашқан. Кирана Триппьер пасын ұтымды пайдаланып. Италия екінші таймда таразы басын теңестірді. Гол соққан – қорғаушы Леонардо Бонуччи. Қосымша уақытта қарсыластар бірін бірі ала алмады. Пенальтиды «Скуадра Адзурра» сауатты тепті. Осы орайда қақпашы Дона-румманың еңбегін де айта кету керек.

Джорджо Кьелини де өте сауатты ойнады. Отыз алтыға келсе де қажыр-қайратын жоғалтқан жоқ. Леонардо Бонуччи екеуі ұлттық құраманың қорғанысын алынбас бекініске айналдырды. Айтпақшы, бұған дейін Италия 1968 жылы Еуропа чемпионы атанған. Тағы да екі рет финалда өнер көрсетті. Алайда асуды бағындыра алмады. Енді, міне, 53 жылдан кейін тағы да кубок ұстанды. Осы ретте бас бапкер Роберто Манчинидің де көрегенділігін айта кету керек. Негізгі қорғаушыларының бірі Спи-наццола жарақат алып қалды. Онда да мұңайған жоқ. Жас талант Энрике Кье-заны ойната білді. Лоренцо Инсинье мен Чиро Иммобиленің тілін тапты. Англия құрамасының жаттықтырушысы Гаррет Саутгейт те тарихта қалады. Себебі ағылшындар өз тарихында тұңғыш рет финалға дейін жетті.