Әскери альпинистер халықаралық жарысқа дайындалуда

Еліміздің қарулы күштерінен іріктеп алынған сарбаздар «Эльбрус шеңбері» халықаралық әскери ойындарына қатысады.

Әскерилердің қорытынды жаттығуы Алматыдағы таулы дайындық орталығында өтіп жатыр. Сарбаздар Мәншүк Мәметова мұздығына барып, 4194 метр биіктіктегі шыңға көтерілді. Бұл жаттығу ақпан айында басталып, бүгінге дейін 10 толыққанды курс өткен. «Эльбрус шеңбері» жарысына қазақстандық әскери альпинистер жыл сайын қатысады. Жеке және команда болып жартасқа өрмелеп, таулы жерде жол табуы қажет. Сондай-ақ тау өзендерінде өткел жасап, мылтық атып, белгіленген қашықтықты тез жүріп өту бойынша жарысады. Орталық құрылғалы бері жүздеген әскери таудағы дайындықтан өткен.

Семсер Махабыл, арнайы мақсаттағы ұтқыр жаттығу тобының басшысы:

11 әскери қызметші екінші сыныпты ҚР спорттық альпинизм федерациясының екінші сыныптық біліктігілігін орындады. 76 әскери қызметші үшінші сыныптық белгісін орындады. Және де 86 әскери қызметші ҚР спорттық альпинизм федерациясының бастапқы дайындығынан өтті.