424,37 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Велотрекші Андрей Чугай әлемдік рейтингке ілікті

  • 105
  • UPD: 14:17, 13.07.2021
Велотрекші Андрей Чугай әлемдік рейтингке ілікті

Қазақстандық Андрей Чугай алдыңғы ондықтан табылып, әлемдік рейтингке ілікті. Санкт-Петербург велотректен ұлттар кубогі сарапқа салған.

Кейрин бәсекесінде ұлттық құрама сапындағы Андрей Чугай мәреге 8-ші болып жетті. Соның арқасында, әлемдік рейтингтегі алғашқы ұпайына қол жеткізді. Бұл нәтиже 2024 жылғы олимпиада ойындарына іріктеуде шешуші рөл атқарады. Ал, биылғы олимпиадада ел намысын Артем Захаров пен Сергей Пономарев қорғайтын болды. Айта кетейік, Чугай осының алында гит бәсекесінде де сәтті өнер көрсетіп, өзінің жеке рекордын жаңартты.

Қазақстандық Мария Агапова кезекті кездесуін қазанда өткізеді. ЮФС аясындағы жекпе-жек кешінде жерлесіміз колумбиялық Сабина Мазомен жолығады. Қос спортшы да 24 жаста және екеуі де бүгінге дейін 11 кездесу өткізіп, 9-ында жеңіске жеткен. Мария ең соңғы рет октагонға тура бір жыл бұрын шықты. Ол кезде америкалық Шана Добсонға есе жіберді. Ал, оның қарсыласы UFC ұйымына екі ай бұрын келді және алғашқы кездесуінде жергілікті спортшыны жеңді. Айта кетейік, Мария Агапова  - аралас жекпе-жектен ЮФС алаңына шыққан алғашқы қазақстандық қыз.  Ол бүгінге дейін бұл жерде екі кездесу өткізді.

 

 

Хабар 24 телеарнасы