DAZN Головкинге Альвареске қарсы үшінші айқасты өткізуді ұсынды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин DAZN ұйымының мексикалық Сауль Альвареске қарсы үшінші жекпе-жекті өткізу туралы ұсынысына оң жауабын берді.

Бұл туралы американдық журналист Лэнс Пагмайр мәлімдеді.

«The Athletic растады. Жақында DAZN Головкиннің «Канелоға» қарсы айқасқа қалай қарайтынын сұрап, жауабын алған. Головкин бос екенін әрі дайын екенін айтқан», – деп жазды инсайдер.

Айта кетейік, Головкин кейінгі жекпе-жегін желтоқсан айында өткізіп, поляк боксшысы Камил Шереметаны жеңген еді.

«Канело» мен Головкин бұған дейін екі мәрте кездескен. Бірінші айқаста боксшылар тең тарқасса, екіншісінде мексикалық басым болды.