Стенд атудан Олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасында өзгеріс болды

Стенд атудан Олимпиадаға баратын Қазақстан әйелдер құрамасы сапында өзгеріс болды, деп жазды prosports.kz.

Трап тәртібінде жолдаманы жеңіп алған Сәрсенкүл Рысбекова Әсем Орынбайдың орнына барады. Бұған қоса ол скитте бақ сынайды. Бұл жайлы халықаралық спорттық ату федерациясының ресми сайтында айтылды.

Сондай-ақ Олимпиадаға скит тәртібінде Зоя Кравченко қатысады. Ал оқ оқудан екі жолдаманы Юлия Юркова иеленді.