Токиода олимпиада ауылы ашылды 

Кешен 11 мың спортшыны қабылдай алады.

40 гектар жерді алып жатқан аумақта асхана, спорт залы мен демалыс орындары бар. Спортшыларды кез келген уақытта ковидке тексеріп тұратын медицина орталығы да ашылған. Дүбірлі дода індет уақытында өтетіндіктен, жарысқа қатысушылар күн сайын коронавируске қарсы тест тапсыруы тиіс. Маска тағып, әлеуметтік арақашықтық сақтауға да міндетті.