Шахматтан әлем кубогы: Жерлестеріміз жарысты сәтті бастады

Асаубаева мен Жұмабаев жеңіске жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұзақ үзілістен кейін шахмат жарыстары да қайта жанданды. Дәл қазір Сочи халасында әлем кубогы өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күндері қазақстандық қос спортшы сынға түскен. Әйелдер арасында Бибісара Асаубаева кубалық шахматшыны ұтып, келесі айналымға жолдама алды. Енді ол тағы бір қазақстандық – Жансая Әбдәмәлікпен ойнайды. Ал, ерлер арасында Ринат Жұмабаев сириялық Башар Эйтиді жеңді. Енді ол екінші айналымда ресейлік шахматшымен жолығады. Жарыс жолына тағы бір жерлесіміз Динара Сәдуақасова қосылады. Оның қарсыласы бүгін белгілі болады. Ал, жарыстың өзі 6 тамызға дейін жалғасады. Оның жалпы жүлде қоры 2 миллион долларға жуық.

Сондай-ақ...