«Тур де Франс»: «Астана» шабандозы алдыңғы ондықта

Францияның таулы-қыратты аумақтарында велокөпкүндіктің үшінші аптасы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, «Тур де Франс» бәсекесінің 16-шы кезеңінде спортшылар 169 шақырымды бағындырды. Нәтижесінде словениялық Тадей Погачар топ жарды. Қазақстандық клуб сапынан ең тәуір көрсеткішке Алекс Аранбуру қол жеткізді. Ол мәреге 6-шы болып келді. Алексей Луценко 15-ші, Уго Уль 60-шы болып жарысты аяқтады. Ал, жалпы есепте айтарлықтай өзгеріс жоқ. Алексей Луценко 7-ші орында тұр. «Тур де Франстың» алда әлі 5 кезеңі бар. Жарыстың қорытындысы 19 тамызда белгілі болады.