Олимпиадада топ жарған боксшыларға қосымша сыйақы тағайындалды

Мәселен, чемпионға 100 мың АҚШ доллары беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екінші орынға 70, ал үшінші орынға 50 мың доллар табысталмақ. Бапкерлер де назардан тыс қалмайды. Оларға, сәйкесінше, 15, 10 және 5 мың доллардан беріледі, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы. Осыған байланысты арнайы қор ашылды.

Айта кетейік, бокстан ұлттық құрама 9 лицензия жеңіп алды. Оның сезігізі ерлер командасына тиесілі. Ел намысын қорғайтын спортшылар қазір Алматыда соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Олар 16 шілдеде Токиоға аттанады. Ал, іріктеу сындары 24 шілдеде басталады.