Теннисші Александр Бублик халықаралық турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық Александр Бублик америкалық спортшымен халықаралық турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ньюпортта өтіп жатқан халықаралық турнирде ол Деннис Новиковпен жұп болып ойнауда. 

Бірінші айналым матчында Бублик/Новиков жұбы А.Лоусон (АҚШ)/Р.Гэллоуэй (АҚШ) дуэтін жеңді.

Матч 4:6, 7:6, 10:8 есебімен аяқталды.