Елордада паражүзуден әлем кубогының жеңімпазы Сиязбек Далиевке мурал салынды

Нұр-Сұлтан қаласында паражүзуден әлем кубогының жеңімпазы Сиязбек Далиевке арналған мурал салынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сиязбек Далиев – паражүзуден Азия мен Еуропа чемпионы, әлем кубогының иегері. Ал биыл Токио-2021 Олимпиадасында еліміздің намысын қорғайды. Ол тек спортшыларға ғана емес, өзге де жас ұрпаққа өзінің ерік-жігері мен намысшылдығы арқылы үлгі болып жүр.

Мурал «Toyota Motors Kazakhstan» компаниясының және Ұлттық паралимпиадалық комитеттің бастамасымен салынды. Муралды салған суретшілер – Айбек пен Аяулым Нұрбековтер отбасы.

Айта кетейік, мурал Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы 189 көше, 5 үйдің қасбетінде салынды.