Қостанайда триатлоннан Ашық чемпионат өтеді

17-18 шілдеде Қостанайда Elite және U23 санатындағы спортшылар арасында триатлоннан Қазақстан Республикасының Ашық чемпионаты өтеді, деп жазды prosports.kz.

Триатлоннан Қазақстан Республикасының Ашық чемпионаты – Қазақстандық Триатлон федерациясының бастамасымен өткізілетін кәсіби триатлоншылар арасында өткізілетін ұлттық турнир.

Бірінші сайыс күні сайысқа еліміздің түрлі аймақтарынан келген 18 жастан асқан кәсіби спортшылар сынға түседі. Спортшылар 1500 м жүзу + 40 км велодода + 10 км жүгіруден құралатын стандартты қашықтықта сайысатын болады.

Екінші сайыс күні PRO және Age Grouр санатындағы триатлоншылар арасында «TEMIRADAM» кубогының ІV кезеңі өткізіледі. Қазақстанның барлық облысынан келген 200-ден астам әуесқой спортшы 750 км жүзу, 20 км веложарыс пен 5 км жүгіруден құралған спринт қашықтығын бағындыратын болады.