424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Халықаралық жарысқа қатысып жатқан теннисшілер ширек финалға шықты

  • 115
  • UPD: 14:57, 15.07.2021

Бублик пен Путинцева ширек финалға шықты.

Қазақстандық теннисшілер қазір халықаралық жарыстарға қатысып жатыр. Мәселен, Алексендр Бублик Ньюпорт қаласындағы бәсекеде хорватиялық Иво Карловичті жеңді. 2 сағатқа созылған кездесу 7:6, 4:6, 6:1 есебімен аяқталды. Енді Бублик тайвандық Джейсон Джангпен жолығып, жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Дәл осындай жетістікке Юлия Путинцева да қол жеткізді. Ол қазір Будепештте өнер көрсетіп жатыр. Іріктеу сынында хорватиялық теннисшіні ұтты. Қорытындысы есеп 6:4, 6:3.

«ҚАЙРАТ» «МАККАБИДІ» ЖЕҢДІ

Алматыдағы матч қос команда үшін де аса маңызды болды. Өйткені Израильде өткен алғашқы ойын тең нәтижемен аяқталған еді. Сәйкесінше, дәл осы кездесуде кім жеңіске жетеді, сол жарысты жалғастырады.

Алаң иелері ойын басынан белсенділік танытып, 10-шы минутта есеп ашты. Авторы - Вагнер Лав. Кездесудің екінші бөлігі ұрымтал сәттерге толы болды. Бірақ, қос тарап та мүмкіндіктерін мүлт жіберіп жатты. Тек 65-ші минутта «Қайрат» сапындағы Айбол Әбікен есепті еселеп, өз командасына айқын жеңіс сыйлады. Матч барысында жанкүйерлер қос голмен қатар, қос қызыл қағазды көрді. Футболшылар арасында дау туындап, арты төбелеске ұласа жаздады. Төреші екі клубтың бір-бір өкілін ойыннан шеттетті. Осылайша «Қайрат» іріктеу кезеңінің екінші айналымына жолдама алып отыр. Кезекті қарсыласы – Сербияның «Црвена Звезда» командасы.

ВЕЛОКӨПКҮНДІКТІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗЕҢІ

«Тур де Франс» бәсекесінің аяқталуына аз қалды. Сәйкесінше, қатысушылар арасындағы тартыс та күшейді. 17-ші кезеңде шабандоздар 178 шақырымды бағындырған. Нәтижесінде словениялық Тадей Погачар топ жарды. Айта кетейік, ол жалпы есепте де бірінші тұр. Кезең қорытындысы бойынша, «Астана» сапындағы Алексей Луценко 12-ші, Омар Фраиле 43-ші, ал, Йон Исагирре мен Якоб Фульсанг  44 және 45-ші болып мәре сызығын кесті. Соның салдарынан, жалпы есепте Луценко 8-ші орынға төмендеді. Ал, Йон Исагирре мен Якоб Фульсанг  алдыңғы 40 шабандоздың қатарында келеді. Енді велокөпкүндіктің 4 кезеңі қалды. Жарыстың жалпы қорытындысы 19-ші тамызда белгілі болады.  

 

Хабар 24 телеарнасы