Еуропа чемпионатының үздік ойыншысы ПСЖ клубына ауысты

Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма ПСЖ клубына ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Еуро-2020 турнирінің үздік ойыншысы жаңа командасында 50-нөмірімен қақпа бағанын күзетеді. Доннарумма париждіктермен 2026 жылға дейін келісімшарт жасасып отыр.

2020/21 жылғы маусымда ол «Милан» сапында 50 рет алаңға шығып, 15 кездесуде қақпасына гол өткізбеген. Сонымен қатар Италия құрамасымен бірге Еуропа чемпионатында топ жарып, турнирдің үздік ойыншысы атанды.