424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арьен Роббен карьерасын аяқтады

  • 120
  • UPD: 17:40, 15.07.2021
Арьен Роббен карьерасын аяқтады Спорт-Экспресс

«Челси», «Реал», «Бавария» мен Нидерланды құрамасының бұрынғы футболшысы Арьен Роббен 37 жасында карьерасын аяқтады.

«Өте қиын шешім. Барлықтарыңызға қолдауларыңыз үшін рақмет айтқым келеді», – деп жазды Роббен инстаграм парақшасында.

Айта кетейік, Роббен «Бавария» сапында Чемпиондар лигасын жеңіп, сегіз рет Германия біріншілігінде топ жарды. Сондай-ақ ол Англия және Испания чемпионы болған. ПСВ командасымен Нидерланд чемпионы атағына қол жеткізген.

Нидерланд құрамасымен Арьен 2010 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесін, 2004 және 2010 жылдары Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ол соңғы маусымды «Гронингем» сапында өткізді.

Хабар 24 телеарнасы