Зарина Дияс Токио Олимпиадасына қатысады

Зарина Дияс Олимпиадаға қатысады. Халықаралық теннис федерациясы қалған лицензияларды таратқан болатын.

Оның барысында спортшылардың әлемдік рейтингі негізге алды. Соған сәйкес, бір жолдама жерлесімізге бұйырды. Зарина енді жекелей сында өнер көрсететеді. Айта кетейік, бұған дейін теннисшілеріміз 7 жолдама жеңіп алған еді. Оның екеуі жұптық сынға тиесілі. Ал жекелей жарыста Заринаны қосқанда енді 6 спортшымыз бағын сынайды.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарына әр ел 12 теннисшіге дейін апара алады. Егер олардың ұпайдары талапқа сай келсе, әрине. Осылайша Қазақстан құрамасындағы жолдамалардың жалпы саны 97-ге жетті.