Қазақстандық файтер Аслан Ораз кезекті кездесуін сәтті өткізді

Қазақстандық Аслан Ораз кезекті кездесуін сәтті өткізді. Аралас жепе-жек шебері AMC Fight Nights аясында ресейлік Глеб Хабибуллинмен жолыққан.

Бұл жолғы бәсеке  Сочиде болды. Жартылай жеңіл салмақтағы айқас 3 раундқа созылды. Қос спортшы да аяқта тік тұрып айқасты. Бірінші раунд жерлесіміз басым болды. Одан кейінгі кезеңде Глеб Асланды жойқын соққысымен құлатты. Бірақ қазақстандық спортшы тез есін жинап, жекпе-жекті жалғастырды. Ал соңғы раунд тең дәрежеде өтті деуге болады. Сәйкесінше төрешілер екі спортшыға бірдей ұпай берді. Осылайша Аслан өз кәсіпқой мансабындағы 4-кездесуін сәтті өткізді. Бұған дейінгі жекпе-жектерінде де ол жеңіліп көрмеген.